Поп Гапонның ізбасарлары

12 сәуірде, Алматы қаласында орын алған Антиеуразиялық форум Қазақстан тәуелсіздігіне қатысты бірсыпыра мәселелерін көтерген болатын. Ең бастысы, диктаторлар Лукашенко, Назарбаев пен Путин жоспарланған Еуразиялық одағына қарсы нақты әрекеттер талқыға салынған. Әрине, отан сүйгіш қауым үшін мынадай маңызды сұрақтар жанына бататыны сөзсіз. Кез келген қазақи тәрбиесін көрген адам мемлекетіміздің бостандығы үшін мейлінше қолдау көрсетуге тиіс. Бірақ, аталған шараның ұйымдастырушылары жайдақ ұрандарынан аспай жатыр. Шынайы күрес жүргізу үшін мыңдаған кісілер қатысатын шерулер өткізу керек. Әлбетте, саясаткер Төлеген Жүкеев пен редактор Рысбек Сәрсенбайұлы секілді ұлттық қауіпсіздік комитетінің байырғы әріптестері билікпен белсенді түрде арпалыспайды. Олар көзбояушылық үшін ғана анда-санда өткір баяндамаларын оқып, сонымен шектеледі.

 vlcsnap-2016-06-08-06h46m56s808

Антиеуразиялық форум барысында оғаш оқиғалар да көзге түсті. Мысалы, пәлен тақиялы «періште» орыс тіліне бойкот жариялауына ұсыныс жасады. Әккі гебист Жүкеев осындай сөздерге өтірік наразылығын білдірді. Менің пікірімше, ұйымдастырушыларының өздері жұрттың назарын іліп әкету үшін тақиялы арандатушыны сахнаға жіберген-міс. Тағы айта кетерлік жәйт, осы жиналыс барысында микрофондар мен дыбыс күшейткіштері жиі ақаулықпен істеді. Ашық ауыз қариялардың кейбіреуі мынадай техникалық келеңсіздіктерді «ақ орда» жіберген зиянкестердің зымиян әрекеті ретінде таниды. Менің ойымша, құрал-жабдықтардың кемшіліктері де ұйымдастырушыларының икемсіздігінен пайда болған құбылыс. Әйтеуір, бұндай негізінен жеке басының қамын күйттеген «қайраткерлер» халқымызды адастырып жібермесін деп қауіптенемін.        

 

 

 

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
18 views

Leave a Reply