11 views

Даңғаза саясаткерлердің тобыры

Жақында құрылған Еуразия экономикалық одағының ұйымдастырушылары оның ішкі жалпы өнімі көлемінің мақтаныш тұтады (tinyurl.com/ndqcfru). Олардың айтуынша, осы одағының ІЖӨ мөлшері 2.7 триллион долларға жуық. Әрине, әлем статистикасынан хабарсыз тыңдармандар үшін еуразиялық атқамінерлердің көпірме әңгімелері әсер ететіні сөзсіз. Бірақ, дүниежүзілік шаруашылығының шеңберінде аталған ұйымының экономикалық көрсеткіштерінің көңілдегідей еместігі көзге ұрынып тұр. Мысалы, Әлем банк деректері бойынша 2011 жылы Беларусь, Қазақстан мен Ресейдің номиналдық ІЖӨ 2.1 триллион долларға жуық болған еді (tinyurl.com/krm4cef). Дәл сол жылы, жалғыз ғана Калифорния штатының номиналдық ІЖӨ 2.2 триллион долларға жуық болған еді (tinyurl.com/lses9we). Көрдіңіз бе? Шикізат өнімдері, қару-жарақ шығаруына сүйеніп отырған еуразиялық тобыр озық мемлекеттерден қаншама дәрежесінде артта қалғаны тайға таңба басқандай анық.

ACFDE21A-2298-4D76-A6D9-C360E4EF70C2_mw1024_s_n

Халық шаруашылық пен әлеуметтік тұрмыс-тіршілік жағынан ақсап қалса да, еуразиялық тобыр жекелеген адамдардың байлығы тұрғысынан әлемдегі алдыңғы қатардағы ұры-қарылардың қасында табылуда. Іскерлерге арналған «Форбс» журналының пайымдауынша, 2014 жылы Калифорния штатында 111 миллиардер күн көруде (tinyurl.com/nn6cggz). Дәл сол журналының пікірінше, миллиардерлері жоқ Беларусь есепке алынбаса да,  Қазақстан мен Ресейде биыл 116 миллиардер тіршілік етуде (tinyurl.com/kgfhema). Демек, жергілікті жетекшілеірі жалпыхалықтық жағдайынан гөрі жеке басының қамын жеуде. Коммунист жүйесінің ыдырағанынан 23 жыл өтсе де, әлі күнге дейін тоймай жатыр балаққа шыққан биттер.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email

Leave a Reply