Донбасс шегінісі – Батыстың уақытша жеңілісі

Ресей мен Украина арасындағы соғыс әзірше шығыс агрессордың пайдасына шешілуде. Қара күшке жүгінген ресейлік жабайы саясаткерлер украин азаттық жауынгерлерінен басым түсті. Парақор еуропалық жетекшілерінің қалтасын ұры «Газпром» корпорациясы қыруар қаржысымен тығындады. Мұхиттың аржағындағы Америка украин үкіметіне жаңа әскери техниканы сатуына асығар емес. Сондай қиын-қыстау жағдайда, президент Петро Порошенко өз отанына мүлдем тиімсіз бейбіт келісімге қол қоюға мәжбүр болды. Минскідегі келіссөздер барысында, «Боинг-777» ұшағын жойған орысшыл террористерді қолдаған ресейлік басшылар қазірше арам жеңісін тойлауда. Әлжуаз кәрі құрлық Киев үшін соғысуынан аулақ жүргенін қалайды. Жойқын қару-жарақтың иесі, есепшіл АҚШ та осы әскери қақтығысқа араласуын пайдасыз деп санайды. Әрине, ғаламат соғысынан жасқанатын әл-ауқаты мықты мемлекеттерді жазғыруға қақымыз жоқ. Бірақ, соның өзінде бейбіт жолмен де озбыр Ресейді қысып ұстауына бек ықтимал.

g8B5MnYOGhU1

Мысалы, украин кәсіпкері Игорь Коломойскийдің өте-мөте дәл сипаттамасы бойынша «шизофреник» Путин құтырғанын қоймаса, ресейлік қаржы мекемелерді «СВИФТ» халықаралық төлем жүйесінен аластатуына болады. 2018 жылы Ресейде өткізілуіне жоспарланған футболдан әлем біріншілігін басқа елге көшіргені жөн. Мәселен, аяқдоп бойынша Голландия секілді азулы мемлекетте осы халықаралық додасын өткізілуі дұрыс деп есептеймін. Әйтеуір, агрессияшыл Ресейді бейбітшілікке еріксіз көндіруге тілектес әріптестерінің қолынан келетін неше түрлі әдістер баршылық. Тек қана, Батыс тарапынан озбыр Кремльге қарсы күрес жүргізуге ниетінің жоқ екендігін сезілуде. Украинаның қасіретіне немқұрайлы көзқарасын білдірген Еуропа тықыр таянғанын сезбейді. Орысшыл террористтер басып алған Донбасстың бөлігі – болашақтағы Еуропаға қарсы диверсиялардың керемет негізі. Ресейдің ірі буржуазиясымен ауыз жаласқан еуропалық капиталисттері аңдаусызда арланның апанына түсуі әбден мүмкін. Бейқам АҚШ та жүгенсіз кеткен орыстардың салқын лебін сезбек.

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
17 views

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.