11 views

Қитұрқы жағдайларға толы байланыс

Соңғы екі-үш жыл ішінде, еліміз бойынша интернет бағалары әжептеуір арзандады. Ғаламтор жылдамдығы да едәуір өсіп кетті. Ұялы мен қалалық телефон байланысының тарифтері де мейлінше қолайлы деңгейіне түсті. Жағымды өзгерістеріне қарамастан, көптеген қиыншылықтар әлі күнге дейін тұтынушыларымызды алаңдатуда. Мысалы, «Теле2» қамтамасыз ететін интернет қызметі еркін ақпарат алуына түрлі шектеулер қоюда. Бірнеше саяси сайттарды оқуға тыйым салынған. «Теле2» ішінде VPN (Жеке виртуал желі) сияқты цензурасыз интернетке жол ашатын жүйелері де пайдалану мүмкін емес. Интернеттегі сіздің әрекеттеріңізді өңдейтін DNS (Динамикалық есім сервері) деген сыртқы құрылғыларды да өзгерту мүмкін емес. Сондықтан, сіз тыңшылар бақыламайтын DNS серверін таңдай алмайсыз. Бүкіл әрекеттеріңіз «Теле2» қадағалайтын серверлер арқылы өтеді. Интернет жылдамдығы да тұрақсыз. Егер олардың сымсыз модемдерін пайдалансаңыз, жылдамдығы тәуірлеу болар. Бірақ, «Нокиа» ақылфонында (смартфон) жылдамдығы сәл төмендеп кетіп, баянсыз болмақ. «Самсунг Гэлакси» ақылфонында «Теле2» интернеті тіпті бәсеңдеп түседі. Ал, сіздің ұялы телефоныңызға  «Теле2» тарапынан ақшаңызды қымқыруына арналған сандырақ жарнама СМС жіберілуі әбден мүмкін.

expensive-phone-calls

Еліміздің ұялы байланысы негізінен шетелдік тыңшылардың бақылауында қалып тұр. Ресейлік «Билайн», швециялық «Теле2» секілді сауда-саттық белгілер қазекеңдерді өз шеңгелінде мықтап ұстайды. Басқа мемлекеттермен байланысы да удай қымбат. Тек қана шалғайдағы аралдар мен ну тоғай ішіндегі жабайы елдерде телефон әңгімелерінің бағалары біздің тарифтерден жоғары тұрады. Мысалы, жер көлемі мен халқының аздығымен Қазақстанға ұқсайтын Австралия мен Канадада телефон тарифтері бізден неғұрлым төмен деңгейінде қалыптасқан. Осы елдерге «Скайп» арқылы хабарлассаңыз, әңгімеңіздің бір минуттың бағасы 2.3 центтен басталады. Егер «Скайп» арқылы Қазақстанға қоңырау шалсаңыз, әңгімеңіздің бір минуттың бағасы 17.9 центтен басталады. Көрдіңіз бе, қалай бізді қанайды тойымсыз ірі буржуазия!

Share
Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email

Leave a Reply