Жуырда, Алматыдағы кинотеатрлардың бірінде Иран көркем фильмдерін тамашаладым. Парсы тілін мыңдаған қазақтар жетік меңгерсе де, субтитрлер орыс тілінде қойылған болатын. Кинотеатр қызметкерлерінің дені — қазақтар. Көрермендердің де басым көпшілігі қандастарымыз екендігі жасырын емес. Соған қарамастан, субтитрлер бөтен елдің мемлекеттік тілінде берілген еді. Көрсетілімнен кейін кинотеатр қызметкерлерінен сұрадым: «Осы мәдени ордасында қазақшаланған сеанстар өткізіле ме?» Қаракөз бойжеткен «Жоқ» деп жауабын қайтарды. Байқадыңыздар ма, Қазақстан үкіметінің сайқал саясатының салдарынан республикамыздағы келмеске кеткен империяның орыстандыру шаралары әлі күнге дейін ұйымдастырылуда. Жә, орысқұл әкімсымақтардың жағдайы белгілі ғой. Ақмола әкімшілігі емес, құдды Орынбор облысының губернаторыдай зиянкестігін танытады абыройынан айырылған мақлұқтар. Қалтасы қалың қазекеңдер ше? Олар ырду-дырду мерекелерді өткізу үшін, миллиондаған доллар далаға шашады. Осы қомақты қаржының бір бөлігін шетел фильмдерін қазақ тіліне аудару жұмыстарға жұмсаса, құба-құп болар еді.
Кішігірім эстон мемлекеті мен халқының саны жеткіліксіз монгол елі де шетелден әкелінген фильмдерді өз тілдеріне қиналмай аударады. Орасан зор байлықтары бар Қазақстан үшін бұндай іс-әрекеттер тіпті оп-оңай жүргізілер еді. «Ауру қалса да, әдет қалмайтыны» атам заманнан бері айдан анық қағидас қайтадан өз өміршеңдігін дәлелдеуде. Бүкіл Алматы үшін жалғыз ғана қазақи кинотеатр қызмет көрсетеді. Райымбек батыр даңғылының бойында аласалау, тозған ғимаратында орналасқан кинотеатр бейнебір ауыл клубынан айнымайды. Бәлкім, абыз Сергей Құяңның ақыл-кеңестерін құштарлана орындайтын шопан Есімовтің пайымдауынша, қазақ тіліндегі фильмдер індет іспеттес залалды нәрсе. Оны салтанатты орталық мекенжайлардан аластатқаны жөн…


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.