Қасым Аманжолып. “Сталін”
Қасым Аманжолып. “Сталін”

Қасым Аманжолып. “Сталін”

Views: 11

1936 жылғы 20 мамырда, “Социалды Қазағыстан” газетінде белгілі ақынымыз Қасым Аманжоловтың “Сталін” атты мадақтау өлеңі жарық көрді. Көркем сөздің шебері Кеңес Одағы көсемінің жырлағанын қайтадан оқып шығайық, ағайын!

1936 жылғы 20 мамырда, "Социалды Қазағыстан" газетінде Қасым Аманжоловтың "Сталін" өлеңі жарық көрді.

Данышпаным Сталін,
Ұлы ұстазым Сталін!
Сәуле берген өмірге,
Шолпанымсың, күнімсің,
Әсер еткен көңілге
Жан саясы нұрымсың,
Сән бітірген, жайнатқан
Өмір көркі гүлімсің.
Сандуғаштай сайратқан
Жан тербетер үнімсің,
Жігерімді қайнатқан
Қиалымсың, жырымсың.
Сезім берген ойлатқан
Жүректегі қанымсың,
Қуатымсың, әлімсің!

Күнім демей не дейін,
Нұрым демей не дейін,
Қара түнде қан жұтып,
Қайғы-қасірет, зар жұтып,
Азаттық жол таба алмай,
Қатып, солып, — қарын аш,
Тоңып, үсіп жалаңаш —
Табым менің жүргенде,
Жүректі дерт тілгенде
Адамзаттың абзалы —
Ленінге Сен, серік боп,
Тап туына берік боп,
Қанды кешкен майданда
Табымды сен бастадың,
Тар жол тайғақ кезеңде
От пен судан қашпадың,
Жауға тастап нажағай
Серпіп өмір түнегін,
Тойтарып жау жүрегін,
Атырдың таң еліме,
Септің нұрды жеріме,
Жүз жетпіс бір міллион —
Азат еттің қалқымды!
Жаудың сағың сындырдың!
Жасымды да, қартымды
Масайратып күлдірдің!
Күн нұрыңа сүйдірдің!

Нұрым демей не дейін,
Гүлім демей не дейін!
Алтын нұрын септің де,
Гүл ұрығын ектің де,
Ну бітірдің дөңіме,
Су бітірдің шөліме!

Теқника мен ояттың
Мәңгі ұйқтаған жерімді,
Емін-еркін ақтарттың
Қол тимеген кенімді,
Қала салып қуанттың
Қайғылы сары белімді,
Кемелер мен жұбаттың
Күңіренген көлімді,
Самалөт пен серпілттің
Түнерген аспан-көгімді,
Трактірге тілдірдің
Тас боп қатқан тоңымды,
Аптомобіл пойыз бен
Жақын еттің жолымды,
Құс жете алмас деген жер
Енді жақын көрінді!
Сусыз-шөпсіз сар дала,
Болды бүгін егінді,
Құлазыған сай-сала
Малға толып — керілді,
Мұнарланған биік құз,
Қоршаланған тұйық мұз,
Бұлардағы жеңілді!

Социалды отаным
Толған айдай болып тұр,
Бар әлемге күндей боп
Қызыл нұрын төгіп тұр!

Отанымның жандары
Шын масайрап күліп тұр,
Шаттанбасқа бола ма,
Өгіз мінген жандарым
Самалөтке мініп тұр.
Міллиондаған адамдар
Енді бүгін білімді,
Енді бүгін зейінді,
Білімі мен жеңіп тұр,
Нелер өмір қиынын,
Білімі мен алып тұр,
Нелер өмір биігін,
Білімі мен шешіп тұр
Күрделі тұрмыс түйінін!

Шаттанбасқа бола ма,
Мақтанбасқа бола ма,
Дәл кешегі күң мен құл
Енді үкімет басында
Бастап отыр өз елін
Көсемінің қасында!

Көсемім — ұлы Сталін!
Табым күні — Сталін!
Үнім демей не дейін.
Жырым демей не дейін,
Еңбекші әлемнің,
Әр ұлттардың, әр елдің,
Атағыңды жаттаған,
Жүрегінде сақтаған.
— “Сталін” деп атаса,
Ту астына жиылған,
— “Жеңеміз” деп құлшынып,
— “Сталін” деп сиынған!

Ұран салса, ән айтса,
— “Сталін!” деп шырқатқан,
Жер сілкінте күй тартса,
Күй де атап — тіл қатқан!

Ең ақыры бала да
Сталін менің бабам” дер,
Мен бабама барам” дер!
Еңкейген қарт, ана да,
Сталін менің ұлым” дер,
Көсем туған — күнім” дер!

Көсемім, күнім — Сталін,
Үнім, жырым — Сталін.
Қаным менің — Сталін,
Қуатым, әлім — Сталін.

Қаным демей не дейін,
Әлім демей не дейін,
Сен бастаған заманда
Қан жүгірді бойыма.
Сен бастаған заманда,
Сезім бітті ойыма,
Сен бастаған заманда
Қуат бітті білекке,

Шаттық бітті жүрекке!
Сен бастаған заманда
Көңілім — күй, сөзім — жыр,
Жүзім — гүл де, көзім — нұр,
Ұлы болдым табымның
Тап сойылын соғарлық!

Likes(0)Dislikes(0)
11 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply