1936 жылғы 14 ақпанда “Социалды Қазағыстан” газеті белгілі ақынымыз Асқар Тоқмағамбетовтың Қазақстан көсемі Левон Мирзоянға арналған “Леон аға (Ленін ордынын алған Леон Исаибіш МІРЗОЯНҒА)” өлеңін жариялады. Бұл шығарманың астында келесі түсініктеме берілген: “Тоқмағамбетіп Асқар жолдас бұл өлеңін Оң түстік Қазағыстанның ауыл шаруашылығындағы алдыңғы қатарлы стақаныпшыларын Қазағыстан Өлкелік партиа комитеті мен Қазағыстан үкіметінің басшылары қабылдаған мәжілісте оқыған“.
І.
… Кешегі — боран соққан, түрсіз дала,
Кешегі құлазыған, үнсіз дала!…
Кешегі — ғұлама, ишан, дін жайлаған,
Сары арқа, сары сұрғылт, тілсіз дала!
Тілге енді, комбайындар дүрілдейді,
Түрленді, тырактыр жер тілімдейді!
Сталін, Ленін томы қолтығында,
Жастары, жайнап күндей күлімдейді!
Алтындай, дала егін мен жайқалады,
Жел соқса, тербеледі, шайқалады.
Өрбіген, өскен түлік, өрісте мал,
Бекер — деп қандай адам айта алады?!
Тамаша, ауыз айтып, тіл жетпейтін,
Ой ойлап, қиал зымырап, ми жетпейтін,
Жатырмыз, ғажайыпты қол мен жасап,
Тағыны табындырып, билетпейтін!…
Жерде кен, аспанда Марс, суда балық,
Желден сөз, оттан жарық, буды апарып —
Жетектеп, желкесіне міндік тегіс,
Тағысын табиғаттың алқымға алып!…
Елімде — пабрік-зауыт, кенімде өсті,
Елімде — еңбек… табыс, өнімде өсті!…
Меңгеріп теқниканы, жаңа адамдар,
“Тетігін бар жұмыстың кадр шешті!…”
Тамаша, таң ғажайып көңілдіміз,
Жасадық, жан көрмеген өмірді — біз!…
Ауқатты, мәдениетті, машиналы,
Малдымыз, киім бүтін, егіндіміз!…
Міне сол, кешегі отар, бұратана,
Өзгерді, Қазағыстан бұратала!
Сол өскен, тамаша елдің табысына,
Әрине, сіз де ортақсыз — Леон аға!…
Ордын мен оған СЕКА, берді баға,
Қарсы алды, Қазағыстан!… Қала-дала!…
Жүректің сырын төгіп, жырын құйып,
Қуанып, мен де келдім — Леон аға!
II
…Сізді айтсам, еске түсет бір уақиға,
Ар жағы екі үш жылдың, емес жаңа!…
СЕКА ның түзу жолы — бұрмаланып,
Бай, құлақ пайдаланған кезі ет, жана!…
“Н” қалқоз… ол қалқозда, жалғыз бұқа!…
Оның да үсті жауыр, еті жұқа!…
Қорасыз, жемсіз, шөпсіз қыстан шықса —
Көктемде соңында еді, барлық соқа!
Көңілсіз, түрі тұнжыр көбісінің,
Өнімі аз, биылғы еккен егісінің,
Мал сою, асыра сілтеу… аткошепшік
Әбден ақ сиқы кетті, ел ішінің…
…Не дейсін, Қызыл-Орда Райкомынан,
Ауылға шабуылдап өкіл келген…
“Жүпіні-жүдеу-арық, аткошепшік
Ауылда болмасын!” деп бұйрық берген…
“Келіпті жаңа басшы Крайкомға,
Мірзоян!… отыр қазір райкомда,
Сендерді, мына түрде көрсетуге —
Болмайды… сол себептен мені мұнда,
Жіберді… тығылыңдар, айда жылдам!”
деп қатты келген өкіл бұйрық қылған!
Көндіріп, көнбесе де — көлге қамап,
Қайырып, сырттан қарап адам тұрған.
Шөлдеген, ауру-сырқау, бала-шаға
Жалынып “босатшылап” сұраса да,
Тыңдамай, ай далаға қамап қуған,
Жібермей “аға жан” деп, жыласа да…
… Қамыстың тасасы мен сай қуалап,
Жүгіріп, бірде тұрып, бірде құлап,
Ілиас көптен шығып, сізге келген,
Жәрдемге көп атынан астық сұрап…
Сіз сонда бергіздіңіз, жәрдем астық,
Тоқталды, аткошепшік, толды қапшық!
Ес жиді, ел жиналды, егін екті,
Жаңа актіп, келді ауылға — жаңа бастық!
III
Сол жігіт… төсінде ордын… Леон аға!…
Ордын мен ордыныңды құттықтауға!…
Әне анау, көп пен бірге, келіп отыр
Көңілді — Қазағыстан, астанаға!…
Жыр қалай, жылжып жүйрік ағылмасын,
Барабан, қалай қатты қағылмасын!…
Кешегі аткошепшік, ұлы награт —
Төсіне Ленін ордын тағынғасын!…
Ән төкпей, ақын қалай аялдасын!
Жыр төкпей, ақын қалай аяндасын!
Көсілтіп, көңілді елге сырын төкпей,
Жай ән мен, жайлап қалай жаяуласын?!
Көңілді… көңілді елде жүрген адам,
Көңілді… өмірлі елде шырқаған ән!…
Кешегі бұратана, өгей дала,
Көңілді!… Бүгінгі ерікті Қазағыстан!
Ән қандай, көңілді елге ұнасымды,
Жыр қандай, өмірлі елде құлаш ұрды,
Сөз қандай, бірлианттай тізбектеліп,
Тіл қандай, жаздырады құлағымды!…
Жарқырап, көңілден де күн ашылды,
Жүректің қаны қайнап бұ да атылды!…
Қондырып бақшасына — көңілді өмір
Сайратты, әлде неше мың ақынды!…
Тамаша, өмір қызық, өмір сәнді!…
Тілейді, көңілді өмір, көңілді әнді…
Қуаныш — қуанышқа тез ұлассын,
Балалар, басып жібер, музыкаңды!…
9-пебрал, 36-жыл.
Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.

