1936 жылғы 18 ақпанда, “Сациалды Қазағыстан” газетінде танымал ақынымыз Сәкен Сейфуллиннің “Адам” поэмасы жарық көрді. Бірақ, осы шығарманың кейінгі басылымдарында түпнұсқадағы саясаткер Иосиф Сталинді мадақтайтын жолдар жойылған еді. Дастанның соңындағы өзге де жолдар толығымен жойылған әлде бұрмаланған. Голощекин ашаршылығы тура айтылмаса да, тұспалдап көрсетілген. Осы жарияланымым бұл поэманың сталиншіл бастапқы түрін келтіреді.
Еңбекші адам сен, тек, бізде бағалы
Сен, тек, бізде құрыш болат тағалы.
Бізде ғана, сен, адам, шын бақытты
Қызықты өмір жасай білген ағалы.
Бізден басқа сенің отан елің жоқ.
Бізден басқа сенің қорған белің жоқ.
Бізде ғана сен ардақты ұлансын.
Бізден басқа сенің туған жерің жоқ.
Айтсын бәрі — достыңда һәм қастың да,
Айтсын бәрі — кәрінің де, жастың да.
СССР дай еңбек ерін көтерген
Қандай ел бар бұл аспанның астында?
Біз білмейтін бұл дүниеде ел бар ма?
Біз білмейтін күн астында жер барма?
Еткен қызмет еңбекші елге дәл біздей,
Бағалаған күллі әлемде ер барма?
Біз білмейтін бұл дүниеде елде жоқ.
Біз білмейтін ай астында жерде жоқ.
“Сіздегідей бізде де ардақты еңбекші”
Деп айталар еш бір елде бенде жоқ.
Үйткені, олар ерікті емес, қамауда,
Жалмауыздар оларды езіп қанауда.
Еңбекші ерді жұмыскер ат, өгіздей,
Екі аяқты малға ғана санауда.
Бізден басқа еңбекшінің елі жоқ.
Бізден басқа отаны жоқ, жері жоқ…
Еңбекшінің ұлы барма басқа елде
Көкірегінде кек пен ыза шері жоқ.
Бай-пашістер оларды езіп билеген.
Езуші тап еңбек ерін сүймеген.
Еңбекшіні олар қайтіп ардақтайд —
Өздері өлік-өлер күйін күйлеген.
Олар қайтып адамдықты ақтасын?..
Олар қайтып әділдікті сақтасын?..
Шіріген қан, қанға құмар жауыздар —
Қайтып олар таза еңбекті мақтасын?
Жазылмайтын кеселге олар улаған.
“Өлмейміз!..” деп, жан таласып тулаған.
Еңбекшіні қайтып олар бағалайд —,
Қанға құмар, есірік жын шулаған!…
Не бағалар, ылғи қанды ауыздар?..
Елді олар, тек боз тоқтыша бауыздар…
Еңбекшіні неге ардақтап көтерсін —,
Қаны қара, жаны қара жауыздар!…
Еңбек ерін қанап олар зорлаулы.
Адамдықты ластап, былғап қорлаулы.
Олар қайтып ерді ілгері көтерсін —,
Алдында қазылған көр орлаулы.
Олар — делбеп қанды қанжар жастаған.
Ар-ынсапты жерге басып ластаған.
Өшетін тап жан таласып, дүниені
Аласұрып былғамайма лас табан!..
Бізде ғана еңбек құрмет бағалы,
Еңбек ері еркін болат тағалы,
Елді бастап Ленін туын ұстаған,
Еңбек ұлы ер данышпан ағалы.
Собет елі ескіліктен аттаған,
Талқан қылып қанау шебін қаптаған,
Адамшылық қасиетін құтқарды,
Лac аяқты сұмдар ластап татпаған.
Ленін туы — ыншан-құрмет, қасиет.
Шындық, шаттық, әділдікке өсиет.
Еңбекші әлем қасиетті ту нұрына
Қолын созып руықтанады, бас иед.
Жан бітіп, бұл дүние-дүние болғалы,
Күн менен жер бірін бірі шолғалы,
Болыппа екен собет елі сықылды ел,
Бұл дүниеге сансыз халық толғалы?..
Айтсын, кәне, көпті білген кәриа!
Етсін сөзін дүниеге жәриа!
Түптеп қозғап шежіресін толғасын
Шұбыртып, жер бейіне ұзақ дәриа!
Шежрені түптеп шыңрау қазсында,
Тариқты алып барлық бетін ащында,
Ең қызықты алтын бетін көрсетсін,
Таңдап тапқан бетін әкеп жазсында!
Тариқтың ең қызықты алтын ғасыры,
Мақтасада бұрынғыны асырып,
Біздің елге теңей алмас еш елді,
Айтсадағы ертегідей тасырып.
Бізден бұрын өткен ғасыр неше мың,
Айтар тариқ, жаңылмай көп есебін:
Еш дәуірдің, еш бір елдің болмаған
Ленін менен Сталіндей көсемі!
Ленін туы Сталіннің қолында.
Нұсқап кеткен ұлы көсем жолында!
Нұрлы жолда ел, бақытты өмір табуда,
Қасиетті биік тудың соңында!
Ел соңында алыпша алға басуда.
Өндірісі өркендеуде, тасуда.
Адам затқа өмір жасап үлгілі,
Социалшыл алтын дәуірге асуда.
Сол туға еріп ел бақытын құрады.
Сол туға еру еңбекші әлем мұрады.
Ол ту — Ленін — дүниеге шам шырақ боп
Күндей көкте мәңгі жасап тұрады.
Сол себепті ел шындықты растаған.
Ескілікті қайтпас артқа тастаған.
Еңбек ері құрметтілік себебі:
Данышпан ер собет нуын бастаған.
Бізде тұрмыс нұрлы, қызық тармақты.
Еңбек ері бізде құрыш бармақты.
Жаңа тұрмыс, ел көсемі Сталін –,
Сол себепті еңбек бізде ардақты!
Қанаушылық, ескі жалған өлуде.
Түпсіз терең тұйыққа кеп төнуде,
Алды тұйық, көгі күңгірт, қараңғы,
Өмір күні күңгірт күтіп сөнуде.
Ленін туы көкке құлаш кереді.
Дүниеге нұр жарық сәуле береді.
Жол көрсеткен жалғыз жарық болған соң,
Ақырында сол туға әлем ереді.
Өшетін тап күйіп аузын жалмайды.
Еңбекші әлем көзін бізден алмайды,
Тұңғиыққа қанау табын құлатып,
Қызыл туға түгел ермей қалмайды.
Ел бақытты — дана көсем ағасы
Мұндай елдің болат қорған жағасы.
Ел көсемі биік дана болғансоң,
Таза еңбектің көтерілген бағасы!
Қызықты елде ер білегі талама?
Шат еңбекте шалдығып дем алама?
Еңбек ері құрметтеген көсемнің
Жалпы еңбекші соңына ермей қалама.
Бақытты адам — елі көсем даналы,
Бақытты адам елі Ленін саналы.
Еңбек ері бақытты адам, шын адам —,
Социалшыл қызықты отан — аналы.
Стер бізде социалды жарыста,
Тамашалар жасап алға барыста,
Іс өнімі капиталшыл елдердің
Біздің артта қалды кәзір алыста.
Біздің еңбек өнімі үздік озуда.
Тасқын судай, бөгеттерді бұзуда.
Өндірістің барлығында қыздырып
Стақанып қозғалысы қозуда.
Рас, болды қиын күні елімнің.
Батты ауырлық жанын басып белімнің.
Өтті ол күндер, іс түзелді гүлденіп,
Серпілді үнім артып күші денімнің.
Рас, болды бір кездерде қиын күн.
Батты ауырлық, ол күндерде шықпай үн.
Алдауыш сұм “белсенділер” аулақта
Не қылмады шапқыласып күндіз, түн!
Не қылмады сілтеушілер асыра,
Былғанышты пасық сұмдар тасыра.
Жоспар санын өтірік пен өсіріп.
Орталықтан шындықты ылғи жасыра?..
Өлкедегі ескі басшы сезбеді.
Алдауыш, қу, белсендіні езбеді.
Істі анықтап тексеруге, білуге,
Қалың елдің түкпірлерін кезбеді.
Іс оңалды, Орталыққа үн жеткен соң,
Ескі басшы істен аулақ кеткен соң.
Сталіннің шындап соққан шәкірті
Мірзоян кеп түзу бастық еткен соң.
Іс түзелді, жалтырады тіршілік,
Жарыққа атып серіпті құлаш жыршылық.
Көсемнің көп берік, шебер шәкірті,
Қуаныш күй толғады ашық сыршылық.
Бас көсемнің берік шебер шәкірті
Қайрат беріп елді ілгері шақырды.
Еңбекші ну үніне оның руқтанып
Дабыл күйін ұрандатып шат ұрды.
Руқты күш бен соңына оның ерді ну.
Іс жемісін аз уақытта ақ көрді ну.
Қазағыстан басшысы енді сенімді,
Төсінде оның қасиетті — Ленін ордыны!
Енді шаттық шарықтасын, шалқысын!
Енді қанат — талмай, қайрат қалқысын!
Енді білек бұлшық еті бұлтылдап,
Көңіл күйі күліп күнше балқысын!
Соқ дабылды! Қақ даңғылды, думандат!
Бас сырнайды, сырғанатып сумаңдат!
Сыздырт қобыз, сызылт сырлы сыбызғы!
Керім керней кернесін күй ду маңды ап!
Шерт шеберлеу, доп дүрсілдет дутарды!
Соқ, сыңқылдат! Сылдыр қақтыр ситарды!
Күйленсін күй, гүлденсін күй, күлсін күн.
Көтер көкке гулет күйлі гитарды!
Жаудыр жерге, жалтыр жауһар жаңбырды!
Жарық-жұрқ жермен жанжақ жайнап жаңғырды,
Гүрсілдет күй! Солқылдат соқ, қаттырақ,
Даңғыраны, домбыраны, тәмбірді!
Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.

