Құлағы ұзын мекеме

Views: 153

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті аясында істеген Арнайы ақпараттық қызмет туралы жазылған зерттеулер мен мақалалар (Специальная информационная служба Комитета национальной безопасности Республики Казахстан) — жоқтың қасы. Алайда, 2014 жылдың 14 қарашасында шыққан ҚР президентінің №954 Жарлығына сәйкес, ҚР ҰҚК-нің үкіметтік байланыс қызметі мен ҚР ҰҚК-іне қарайтын арнайы техникалық зерттеулердің орталығына бөлшектелген ҚР ҰҚК ААҚ-нің іс-қимылдары баршамыздың тіршілігіне тікелей әсер етті. Аты өзгерсе де, заты өзгермеген баяғы бұқпантай қызмет бұрынғыдай негізінен бейкүнә адамдардың  ақпараттық қауіпсіздігін тәулік бойы бұзып тұр. Әлі күнге дейін, ҚР ҰҚК-нің елу құлақты тыңшылары еліміздің парламент пен қоғамдық бақылауынан тыс қалып, өздерінің көбінесе қылмыс әрекеттерін жалғастыруда. Сайып келгенде, осы тарихи жазбаларым әлгі заңсыз қимылдарды әшкерелеу мен жазалау мақсатында жарық көруде. Оған қоса, тек тыңшылар туралы ғана емес, олармен тығыз байланыста болған адамдар мен ұйымдар жөнінде деректерді келтіремін. Сонымен қатар, 2001 жылдың шілде айында дүниеге келген ҚР ҰҚК ААҚ-нен бұрын болған оқиғалар туралы баян етемін. Өйткені, құлағы ұзын мекеменің болмысын терең түсіну үшін, оның пайда болуына жетелеген жағдайларды да білгені жөн.

Әлқисса, данышпан ғалымымыз Шоқан Уәліхановтың “қазақ тарихының Геродоты” сипаттамасына ие болған орыс тарихшысы көне қазақ байланыс амалдары жайында хабарлайды: “Соғыс пен шапқыншылық барысында телеграф орнына хабарландыру үшін  от жағады және түрлі жағдайларға орай басқа белгілерді пайдаланады” (Алексей Лёвшин. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей. – Алматы, “Санат”, 1996, стр. 312).

Лейля Ауэзова. Исторические основы эпопеи "Путь Абая". Алма-Ата, "Наука", 1969, страница 216.
Лейля Ауэзова. Исторические основы эпопеи “Путь Абая”. Алма-Ата, “Наука”, 1969, страница 216.

Ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының көкшетаулық молда Шаймерден Қосшығұлұлымен хат алмасуы Петербург қаласындағы полиция департаментінің назарына түсті. Мысалы, әлгі департаменттің жетекшісі Нил Петрович Зуев 1903 жылдың мамыр айында Ресей ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Евгений Константинович Андреевскийге жолдаған өтінішінде Абайдың атына жазылған әлгі молда хатының түпнұсқасын алғызуды сұрайды (Центральный государственный архив Октябрьской революции СССР, фонд 102, опись 1903, единица хранения 50). Ақыр соңында, Дала генерал-губернаторы Сухотиннің Семей генерал-губернаторына жіберілген телеграммасынан кейін, Абай аталған хатты алған соң өз еркінімен оны Семей ояз бастығына тапсырады. Бұл жағдайда патшалық Ресейдің атқамінерлері таңқаларлық адалдықты көрсетті! Ақынның хатын оның ешбір рұқсатысыз оқуының орнына, жоғары лауазымдардың иелері осы құжатты Абайдың өзінен сыпайы тұрде сұрады. Ал, қазіргі заманның қазақстандық тыңшылар әдетте ешбір рұқсатсыз бейбіт адамдардың хаттарын жасырын түрде оқып тұр.

Ақмола аймағы бойынша, ҚР ҰҚК "ААҚ"-нің 2005 жылғы тамыз айының есебінен үзіндісі.

Осындай келеңсіз жәйттер туралы мен 2016 жылдың 29 шілдесінде жарық көрген  “Қазпошта” қашанға басына береді?! мақаламда паш еттім. 100 жылдан кейін, дәл осы Ақмола аймағында оңбаған гебисттер кінәсіз кісілердің хаттарын рұқсатсыз оқып қарайды. Мысалы, 2005 жылдың тамыз айында Көкшетау қаласының тұрғыны, украин әйелі Ефименко белоруссиялық туысқанымен сырласады: “Пәтерлеріміз өте қымбат, бағалары күрт өсті. Бірақ, несие арқылы автокөліктер, жиһаз бен пәтерлерді алуға болады“.

Айтпақшы, Америка құрама штаттарының Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің тарихын жазған зерттеуші Джеймс Бэмфорд та жиырмасыншы ғасырдың басындағы американдық мемлекеттік қызметкерлердің негізгі ұстанымын мақал-мәтел арқылы сипаттады: “Джентльмендер бір-бірінің хаттарын оқымайды” (James Bamford. The Puzzle Palace: Inside the National Security Agency, America’s Most Secret Intelligence Organization, Houghton Mifflin Company, Boston, 1982, page 17). Демек, сол уақытта әлем бойынша құпиялы мекемелер әдетте байланыс саласының жұмысына қол сұқпады. Сондықтан, пошталық қызметтің сапасы да көбінесе жоғары дәрежеде болды. 1912 жылы, атақты жазушы, тарихшы Мариэтта Сергеевна Шагинян (1888 – 1982) ұлы композитор, дирижер, пианист Сергей Васильевич Рахманиновпен (1873 – 1943) хат жазысып тұрды. Керемет өнер қайраткерлерінің жазбаша достастығы Мәскеу мен Петербургтің арасында өтті. Бір қызығы, жылдам ұшақтары мен жүрдек автокөліктері жоқ Ресейдің патшалық поштасы осы данышпан тұлғалардың хаттарын бір күн ішінде жеткізетін. Экспресс жіберілім емес, кәдімгі жай пошта. Осы қызық жағдай туралы Мариэтта Сергеевна былай жазды: “14 ақпанда жіберілген оның жауабы маған 15 ақпанда келді” (Мариэтта Шагинян. Человек и время, Москва, “Советский писатель”, 1982, страница 394). Сіздер қазір Алматыдан Ақмолаға қағаз хатты жіберсеңіздер, сіздердің адресат оны мүмкін бес-алты күннен кейін ғана алады. Өйткені, қағаз хаттар кейде заңсыз тоқтатылып, рұқсатсыз оқылады. Мысалы, 2019 жылдың желтоқсанында Батыс Қазақстан аймағының орыс белсендісі, музыкант Сергей Погодин ағынан жарылды: “Данияр, сіз Қазақстандағы Ресей елшілігіне қағаз хатты жіберсеңіз, ұлттық қауіпсіздік комитеті хатыңызды тіміскілеп, ұңіліп оқымақ“. Немесе түрлі бюрократиялық кедергілердің салдырынан қағаз хаттар пошта қоймаларында бөгеліп қалады.

ҚР ҰҚК ААҚ-нің құрамында үкіметтік байланыс та болды. Еліміздегі осы құпиялы байланыс туралы, бәлкім, тұңғыш рет қазақ батыры Дмитрий Андреевич Фурманов жазған. Оның 1924 жылғы “Бүліншілік” романында Верный (қазіргі Алматы) қаласындағы 1920 жылғы казачествоның көтерілісін басуға қатысқан Қызыл үкіметтік байланысының қызметкерлері де келтірілген: “Осы телеграмманы бұлжымас Рубанчик шифрледі, оған Никитченко көмектесті, ал қарауылда тұрған Лидочка Отмарштейн керек нәрсені бастырып алатын. Біз Рубанчикке таңқалдық, — ол шифрлерді ғажайып жылдамдықпен жадында ұстап, оларды жаттап басатын және бөтен шифровканы бізге кәдімгі жазбаша қағаздай жатқа айтып оқыды“.

"Балкон" көркем фильміндегі почтальон.

Жылдар өткен соң, тыңшы қауымның адалдығы құлдырай бастады. Оның дәлелдері тіпті өнер мен әдебиет туындыларында табылады. Мәселен, 1950-ші жылдардың басындағы Алматы қаласының өмірін суреттейтін, 1988 жылы түсірілген “Балкон” көркем фильмінде оның кейіпкерлерінің бірі — жергілікті почтальон — британ фельдмаршалы Монтгомериге жіберілген бөтен кісінің хатын заңсыз оқып алды.

1950-ші жылдардың соңында-1960-шы жылдардың басында үкіметтік байланысымыздың жағдайын сипаттайтын мынадай қызық дерек бар: “Сол уақытта, өте кішіпейіл, сыпайы, сабырлы Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев деген кісі бірінші хатшы болды. Ол ешқашан телефонисттермен дөрекі сөйлемеді. Олар көбінесе төраға Жұмабек Тәшеневпен қиналды. Ол өте жігерлі, дөрекі адам болды. Көп тапсырыстар беретін және оған тез қызмет көрсетуді талап ететін. Кейде, ол: “Мәскеумен байланысты кім пайдаланып тұр?” сұрақ қойып, әлгі кісінің әңгімесін үзуді өтінетін және өзінің қосылуының сұрайды” (Сабет Жакипбеков. Тропою жизненного пути, Алматы, 2021, страница 59).

Ал, танымал саясаттанушымыз Кәрішал Асан Ата 2001 жылғы 1 наурыздың “Полемика с неподсудным президентом-ханом” баяндамасында Кеңес Одағы ыдырауының қарсаңында жүргізілген телефон әңгімелерінің жазылуын тілге тиек етті: “Істің мән-жайын толық әрі анық түсінуі үшін қазы-билер президент Нұрсұлтан Назарбаевтан оның сол кездегі КСРО КГБ-ның төрағасы Владимир Крючковпен 1991 жылдың 19 тамызында орын алған телефон әңгімесінің толық нұсқасын талап етуге тиіс. Жұрттың айтуына қарағанда, бұл жазба ҚР ҰҚК мен РФ ФСБ-ның мұрағатында сақталуда“. Иә, естімеген елде көп. Нұрекеңнің ГКЧП-ны қолдағаны — баяғыдан бері белгілі дүние. Алайда, күні бүгінгі дейін оның кінәсін дәлелдейтін нақты айғақтардың тапшылығы сезілуде. Енді, осы құпияларға қатысы бар адамдар мен техникалық шарттар жөнінде біраз айтайық.

Алматыдағы үкіметтік байланыстың ғимараттары.

Алматы қаласындағы Қарасай батыр көшесі, 69а (Чайковский көшесінің қиылысы) мекенжайында орналасқан кішігірім екі-қабаттық сары үй — 1953 жылы іске қосылған жоғары жиіліктің (ВЧ) үкіметтік байланысының Қазақстандағы тұңғыш станциясы. Ал, Желтоқсан көшесі, 123 (Қарасай батыр көшесінің қиылысы) мекенжайында орналасқан төрт-қабаттық сұр ғимарат — 1976 жылы іске қосылған екі бөліктен құрастырылған жоғары жиіліктің (ВЧ) үкіметтік байланысының жаңа станциясы. 1986 жылы, оның жанында қосымша бес-қабаттық бөлік іске қосылған. Үкіметтік байланыстың ескі үйі кейбір техникалық талаптарға сай келмеді. Ал, осы мекеменің жаңа ғимараттары әлдеқайда жоғары техникалық дәрежеде салынған. Сонымен қатар, құпиялы әрекеттер үшін байланыс саласының маңыздылығын дәлелдейтін тағы бір жәйт. Қазақ ССР КГБ-ның басшылары 1934 жылы американдық жоба бойынша салынған ескі, тар ғимаратта қызмет етуге мәжбүр болса да, тың тыңдайтын офицерлер үшін барынша жағдай жасалған еді. Қауіпсіздік комитеттің тарихи маңыздылығы бар ғимараты қазіргі Наурызбай батыр мен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан еді. Әлгі үкіметтік байланыстың станцияларына — таяқ тастам жер. Қазіргі қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің парақорлыққа батқаны соншалық, тіпті өз тарихының інжу-маржанын сақтамады! Енді, оның орнына Машкевичтың адамдары жезөкшелердің қуанышына орай қонақ үй салды.

Алматы қаласындағы ҚР ҰҚК "Ұлттық ғылыми-техникалық орталығы"-ның ғимараты.

Жоғарыда келтірелген станциялардан 400-500 метрлік қашықтықта,  Шевченко көшесі, 84 (Наурызбай батыр көшесінің қиылысы) мекенжайында ҚР ҰҚК “Ұлттық ғылыми-техникалық орталығы” (“Национальный научно-технический центр” КНБ РК) орналасқан. Осы суреттің тарихы да өзгешелеу. Мен оны 2016 жылғы мамыр айында трамвайды пайдаланған сәтінде жасадым. Демек, жанармай мен темекі түтініне тұншыққан әсем қаламыздың осы экологиялық таза көлік түрінің жойылғаннан соң дәл бұндай көзқарастан бұл ғимаратты суретке түсіру әзірше мүмкін емес. ҚР ҰҚК ҰҒТО-ның ғимаратын Қазақ ССР Ішкі істер министрлігінің күрделі құрылыс басқармасы салып, 1983 жылы іске қосты. Әу бастан, Алматы аймақтық Ішкі істер басқармасына жататын тәжірибелік базасы бар өндірістік-зертхана корпусы ретінде бұл үйдің ғылым мен техниканың саласына тікелей қатысы болды. Оның құны 2 679 300 сомды құрады. Бұл өте қомақты ақша! Себебі, Қазақ ССР еңбегі сіңірген сәулетшісі Спиридон Георгиевич Космеридинің маған берген ақпаратына сәйкес, құны үш миллион сомнан астам ғимараттың құрылысы үшін Мәскеудің арнайы рұқсаты керек еді. Мысалы, “1981 жылы Зақаш Камалиденов Қазақ ССР Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (КГБ) төрағасы лауазымына тағайындалған соң, оның жаңа штаб-пәтерін салуға ұсыныс жасады. Іске аспаған құрылыстың құны бес миллион сом болар еді” (Сабет Жакипбеков. Тропою жизненного пути, Алматы, 2021, страница 64). Көрдіңіздер ме, Кеңес Одағында құпиялы ғылыми зерттеулерді жүргізуге барынша жағдай жасалған!

ҚР ҰҚК "ҰҒТО"-ның тағы бір сыртқы көрінісі.

ҚР ҰҚК ҰҒТО ғимаратының дүркіреген кезінде, яғни ол 2000-шы жылдардың басында ҚР ҰҚК ААҚ-нің штаб-пәтерінің мекенжайы болған уақытында, осы үйде шамамен мың қалалық телефон нөмірлері пайдалануда болған. Өйткені, телефон әңгімелерін тыңдау үшін, әлеуметтік инженерия (адамдарды алдау арқылы оларды заңсыз әрекеттерге итермелеу) мақсатында және үкіметтік байланыстың техникалық сапасы мен қауіпсіздігін тексеру үшін көптеген телефон нөмірлері қажет. Салыстыру үшін айтайын дегенім, Алматы қаласы әкімшілігінің алпауыт ғимаратының өзінде небәрі алты жүз ғана қалалық телефон нөмірлері бар. Сонымен қатар, осы орталық бейнебақылау, өтірік детекторлары, саусақ таңбаларын жинау және тағы да басқа тыңшылық қимылдарының техникалық мәселелерімен шұғылданады. Демек, осы ғимаратта шоғырланған Қазақстанның ең таңдаулы ғалымдары еліміздің халық шаруашылығы мен мәдениетінің дамуының орнына кәсіби түрдегі тіміскілеу, ұрлау, зорлық-зомбылық қимылдарының жетілдіруіне өз үлестерін қосуда.



Сонымен, 2001 жылғы шілде айында ҚР ҰҚК ҰҒТО-ның бастығы ҚР ҰҚК жандарал-майыры Жомарт Рақымбекұлы Мәжренов (1952-2008) жаңадан құрылған ҚР ҰҚК “Арнайы ақпараттық қызметі“-нің тұңғыш директоры боп тағайындалған. Әрине, КСРО кезінде де, еліміз тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында да телефон әңгімелерін тыңдау, пошта жіберілімдеріне қол сұғу, пәлен тұрғын үйлер мен қызметтік бөлмелерде жасырын дыбыс пен бейне бақылауы кеңінен қолданылған. Алайда, жиырма бірінші ғасырдың басында ұялы байланыс пен ғаламтордың қарқынды дамуына орай, осы салада жүргізілетін тыңшылық әрекеттерін де жаңа ұйымдастыру мен ғылыми деңгейге көтеруі мәселесінің толғағы жеткен. Мысалы, жер серіктері көмегімен жүргізілетін байланыс,  ғаламтор арқылы аударылатын қаржы-қаражаттың көлемі немесе әлеуметтік желілердің күрт өсуіне орай техникалық тыңшылардың да маңыздылығы едәуір ұлғайды. Сонымен қатар, ғасырлардың тоғысында Қазақстан үкіметтік байланысының дамуында жаңа серпіліс жасалған: “2000-шы жылдың өзінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша, заманауи телекоммуникация құрал-жабдықтарының негізінде құрастырылан және заманауи байланыстың электрондық жүйелерімен біріктірілген ұлттық үіметтік байланыстың жүйесі, ал 2001-ші жылы — арнайы мақсаттағы деректерді табыстау  жүйесі іске қосылды” (Сабет Жакипбеков, Евгений Минеев. Правительственная связь Казахстана, Астана: Издательство “Сарыарка”, 2012, страница 116).

Штаб-пәтері ҚР ҰҚК ҰҒТО-ның ғимаратында орналасқан ҚР ҰҚК ААҚ-нің негізгі құрылымы мынадай еді: 1-ші Орталық (1-й Центр СИС КНБ РК) — телефон әңгімелерін тыңдау, электрондық хаттарды ұстап алу және басқа тыңшылық әрекеттері; 2-ші Орталық (2-й Центр СИС КНБ РК) — ғылыми-зерттеу жұмыстары; 3-ші Орталық (3-й Центр СИС КНБ РК) — үкіметтік байланыс. Әр Орталықтың ішінде тиісті аймақтық-салалық басқармалар болды. Демек, ҚР ҰҚК-нің телекоммуникациялық қимылдары ең алдымен тыңшылық жүргізуі мен оның ғылыми-зерттеу негіздерінің қамтамасыз етілуіне арналған. Ал, үкіметтік байланыс үшінші кезекте ғана тұратын дүние болып табылады. Айтпақшы, 1995-2001 жылдардың аралығында еліміздің атқарушы билігі, парламенті мен қазы-билердің жоғары лауазымдары иелерінің телефон әңгімелері және хат алмасуының құпиялылығын қорғайтын үкіметтік байланыс ҚР президенті Күзет қызметінің құрылымында болды. Бұл жағдай — парламент пен қазы-билердің президентке тәуелділігінің тағы бір дәлелі!

Мен генерал Мәжреновтың қасіретті тағдыры туралы “Ішқұса болған Азамат сен едің-ау, Жомарт!” атты мақаламда біраз айттым. Әйтеуір, оның туысқандарына немесе тәуелсіз тергеушілерге тәулік бойы бейнебақылау жүргізілетін ҚР ҰҚК тергеу изоляторында қамалған генералдың “суицид“-ін дәлелдейтін ешбір бейнежазбасын көрсетпеді ақмолалық жендеттер. Әрине, қамауға алынған кісіні неше түрлі заңсыз әдістермен құртуға болады. Мәселен, 1990-шы жылдары Шымкент мафиясымен арпалысқан кәсіпкер былай хабарлайды: “Сол жылдары бір милиция қызметкерінің от басын атышулы қанішерлер түгел бауыздап кеткен болатын. Олардың ішінде әйел де болған. Міне, осы әйелді де, басқаларды да жеке камераға қамап, әбден азаптаған көрінеді. Әсіресе, әйелді тұншықтырып өлтіріп жіберген. Қанішерлердің ішіндегі әйелге ату жазасы берілмей қалуы мүмкін деген, ішкі істер органы оған өзгеше жаза қолдануға қам жасайды. Түрменің камераларын дәрілейтін әдет бар екен. Бір күні камераларды обработкадан өткізіп, жеке бір камераны серный кислотамен дәрілейді. Артынша әлгі әйелді камераны желдетпей-ақ ішіне тығып жібереді. Кислотамен демалған әйел қай бір мәз болады. Үкім орындалуға жетпей өліп кетіпті” (Теміртас Тілеулесов. Ордалы жылан, Шымкент, 1998 жылы, 211-212 беттер).

Ақмола қаласындағы ҚР ҰҚК ААҚ-нің штаб-пәтері.

Көптеген мемлекеттік ұйымдардай, 2006-2007 жылдары ҚР ҰҚК ААҚ-нің штаб-пәтері де бас қаламыз Ақмолаға көшірілді. Оның астаналық мекенжайы: Талғат Бегелдинов көшесі, 14 (Sine Tempore сауда ұйымының артында). Тыңшылардың ұясын белгілейтін ешқандай маңдайша да жоқ. Оның айналы терезелері ғимараттың ішіндегі жүріс-тұрыс пен әңгімелерді сырттан жазуға кедергіні келтіреді. Осы суреттің сол жағындағы ҚР Орталық сайлау комиссиясының ғимараты мен мұндалап тұр. Демек, қазақтың мемлекеттік қайраткері Рахат Мұхтарұлы Әлиевтің “Кіндік қайын ата” кітабындағы сөздері еске түседі: “Сайлау жүйесі — айдан анық. Дауыс берушілер өз қалауынша таңдау жасайды, ал монитордағы көрсетілген нәтиже сайлау комиссиясының жүйеге берген тапсырмасына сәйкес қалыптасады. Сайлау комиссиясының бас серверіне оптикалық-талшықты кабель арқылы қосылған жүйенің егіз сервері Астанадағы Орталық сайлау комиссиясы ғимаратынан алыс емес ҚР ҰҚК ААҚ-інде орналасқан“.

Богушевич Владимир Георгиевич - ҚР ҰҚК полковнигі.

Аса құпиялы мекеменің Алматыдан Ақмолаға көшірілуінің күрделі тапсырысы көбінесе ақмолалық қызметкерлерге жүктелген болатын. Олардың ішінде 1955 жылдың 10 маусымында туған ҚР ҰҚК полковнигі, ҚР ҰҚК ААҚ-нің екінші директоры Владимир Георгиевич Богушевичтің жөні бөлек (В.Г. Богушевич дауысының диктофон жазбасы). Өмір бойы осы солтүстік қалада тіршілік еткен тәжірибелі байланыс маманының беделі жоғары еді. 2007 жылы, мемлекеттік төңкерісті жасауға ұмтылған Рахат Мұхтарұлы Әлиевтің (1962-2015) өзі В.Г. Богушевичтің тыңшылық қабілеттерін бағалап, оған ҚР ҰҚК жандарал-майыры әскери атағын беруге ант еткен. Диктатор Н.Ә. Назарбаевты құлату әрекеті сәтсіздікке ұшыраған соң, “тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп құлағынан айырылыпты” дегендей, әлгі полковник төрт жыл бойы қапаста отыруға мәжбүр болды. Әлгі төңкеріс әрекетінің барысында, В.Г. Богушевич негізінен астаналық жетекшілер мен байлардың телефон әңгімелерінің тыңдалуы мен жазылуының қадағалады. Полковник Богушевичтің ұлы Евгений мен қызы Наталья — Ресей азаматтары. Демек, осы “қазақстандық” офицердің шетел мемлекеті үшін қызмет еткені жасырын емес.

Алматы қаласындағы бастықтар мен олигархтар әңгімелерінің тыңдалуы мен жазылуының қанішер жемқорлар Клебановтардың күйеу баласы Сергей Георгиевич Маневич бақылады. Иудо-христиан экстремисті С.Г. Маневичтың өмірбаяны туралы “Елу құлақты Сергей Маневичтың тағдыр соқпағы” мақаламнан  толығырақ оқи аласыздар. Төңкерістің ұйымдастыру мен қаржы мәселелерін Р.М. Әлиевтің туысы — алаяқ заңгер Серік Пикұлы Нұғыманов қадағалады (С.П. Нұғыманов дауысының диктофон жазбасы). Төңкерісті телекоммуникациялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі жылпос физик Серік Минаварұлы Бүркітбаевтың еншісіне тиді. Ал, төңкеріс мақсатындағы саяси тыңшылық қимылдарын Р.М. Әлиев пен оның сатқын сыбайласы Әлнұр Әлжаппарұлы Мұсаев басқарған.

Бектасов Әбен Ағыбайұлы - ҚР ҰҚК полковнигі.

2007 жылдың қазан айында В.Г. Богушевич қамауға алынған соң, ҚР ҰҚК ААҚ-нің директоры ретінде ҚР ҰҚК полковнигі Әбен Ағыбайұлы Бектасов тағайындалған. Оның әкесі — танымал металлург Ағыбай Әшімбекұлы Бектасов — баяғыдан бері Нұрсұлтан Назарбаев пен Нұртай Әбіқаевпен таныс болды. 1960-шы жылдардың басында, әлгі металлург комсомол әкімсымағы Н.Ә. Назарбаевпен бірге Қарметкомбинатта жұмыс істеді. 1970-ші жылдары, А.Ә. Бектасов инженер-конструктор Н.Ә. Әбіқаевпен бірге Алматы ауыр машина жасайтын өндірісінде (АЗТМ) жұмыс істеді. Сондықтан, шала қазақ полковник Бектасов әрқашан жоңғар Назарбаев пен қырғыз Әбіқаевтың сенімінен шығатын орындаушысы болды. Мысалы, 1992-1993 жылдары Ә.А. Бектасов Н.Ә. Әбіқаевтың қарамағындағы “КРАМДС” корпорациясында жетекші лауазымдарын атқарды. 2000-2005 жылдары, әлгі офицер Н.Ә. Назарбаевтың жекеменшік мүлігі саналатын “Қазақтелеком” акционерлік қоғамының президенті болды. Демек, Р.М. Әлиевтің қолшоқпарлары боп саналатын Ж.Р. Мәжренов пен В.Г. Богушевичтен кейін  Н.Ә. Назарбаев пен Н.Ә. Әбіқаевтың қуыршағы Ә.А. Бектасов ҚР ҰҚК ААҚ-нің тізгінін қолына алды. Бірақ, әлгі қызметтің директоры лауазымына тағайындалғаннан бұрын да полковник Бектасов жоңғар мен қырғыз бастықтарының бәсекелестеріне қарсы тыңшылық қимылдарын жүргізді. Естеріңізде болса, Р.М. Әлиев өзінің “Кіндік қайын ата” кітабында президентпен сырласу кезінде Н.Ә. Назарбаевқа білдірілген наразылығын тілге тиек етеді: “Ал, егер Дүтбаев менің әңгімелерімді тыңдаса, менің жүріс-тұрысымды бақыласа. Мынау не?!” Шоқынды Н.Ә. Әбіқаевтың байырғы жандайшабы Нартай Нұртайұлы Дүтбаевтың саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының өлтірілуіне Н.Ә. Әбіқаевтың кінәлі екендігін меңзеген әлиевшіл Ж.Р. Мәжреновті ұрғаны да бар. Ал, Н.Н. Дүтбаевтың тың тыңдауға қатысты бұйрықтарын әбіқаевшіл Бектасов мүлтіксіз орындады. Айтпақшы, Ә.А. Бектасовтың үлкен қызы Елена — АҚШ азаматшасы, ал кіші қызы Алина — Ресей азаматшасы. Оған қоса, металлург Ағыбай Бектасовтың қарындасы — Ұлыбритания азаматшасы. Демек, ішімділікке салынған, қазақ тілін білмейтін және ағылшынша сайрайтын полковник Бектасовтың шетел тыңшысы болуы әбден мүмкін. Ішкіш әнші Дариға Назарбаеваның көршісі Ә.А. Бектасовтың мемлекеттік тілімізге қарай жиіркеніші соншалықты, ол тіпті португал тілін әжептеуір меңгерсе де, өз әкесінің тілін меңсінбей тұр.

Дүйсебаев Әбілсейіт Оразақынұлы - ҚР ҰҚК жандарал-майыры.

ҚР ҰҚК ААҚ-нің соңғы директоры Әбілсейіт Оразақынұлы Дүйсебаев 1963 жылдың 7 желтоқсанында туған. Ол құлағы ұзын мекеменің жетекшілігіне 2009 жылдың желтоқсан айында тағайындалған. ҚР ҰҚК жандарал-майыры Ә.О. Дүйсебаев техникалық маман емес, кәдімгі әкімсымақ. Соның өзінде, бұл кісі әлгі тыңшылық мекемесін төрт жарым жылдар бойы басқарды. Өйткені, ҚР ҰҚК ААҚ-нің бастапқы кезінде құрал-жабдық, материалдық-техникалық негізі қалыптасқан соң, оның ұйымдастыру, кадрлық мәселелерін одан әрі жетілдіруге тура келді. Оған қоса, бәсекелес топтардың арасындағы тепе-теңдікті орнату мақсатында бейтараптау кейіпкердің келгені жөн болды. Сондықтан, жандарал-майыр Дүйсебаев секілді қызметкердің ҚР ҰҚК ААҚ-нің директорлығына тағайындалғаны ғажап емес.

Минеев Евгений Михайлович - КСРО КГБ полковнигі.

Құлағы ұзын мекеменің ата-бабалары мен әріптестері туралы біраз айтайық. КСРО КГБ-нің полковнигі Евгений Михайлович Минеевтің (1927-2010) қазақ үкіметтік байланысының қалыптасуына қосқан үлесі орасан зор еді. Е.М. Минеев татарша сайрап тұрған нағайбек болды — шоқынған татарлар тайпасының өкілі. Кәрі Орал тауларының оңтүстігінде орын тепкен Шелябі аймағының тумасы, Евгений Михайлович Ленинград темір жолы инженерлері электротехникалық институтының түлегі. Айтпақшы, оның жандарал-майыр Сәбет Жақыпбековпен бірге жазған “Правительственная связь Казахстана“, 2012, кітабы шын мәнінде полковник Минеевтің туындысы, ал оның баласы, инженер-системотехник Володя, осы кітаптың қолжазбасын компьютерден өңдеді. Өз кезегінде, Сәбет Малқаждарұлы бұл тарихи зерттеудің жарық көруіне демеушілік жасады.

Байланыс маманы Алмас Умарұлы Әбдірахманов.

Менің досым, Алмас Умарұлы Әбдірахманов (1952-2005), ешқашан әскери немесе тыңшылық байланыс саласында қызмет етпеді. Алматының тумасы, осы қаладағы байланыс техникумы мен темір жолы инженерлері институтын бітірді Алекең. Ол өмір бойы мемлекеттік секторда жұмыс істеді. Ең алдымен, инженер Әбдірахманов Қазақ ССР байланыс министрлігінде қызмет етті. Алмас Умарұлының ең жоғарғы лауазымы — Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің Алматы қаласы және Алматы аймағы бойынша ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы болған еді. Осы жауапкершілігі мол қызметті атқарған уақытта Алекең “Жетісу” газетінің 2005 жылғы 31 наурыздың санында “Байланыс — маңызды сала” атты мақаласын шығарды.  Оның ішінде мынадай батыл пікір келтірілген: “… “ҚазақтелекомААҚ мүлігінің едәуір үлесі аукциондар арқылы басқа операторлар арасында бөлінеді. Өйткені өзге тәсілдерді пайдалансақ, бұрынғы монополистің ғаламат басымдылығын қолайлы мерзім ішінде жою мүмкін емес“. Осы мақаланың авторы мен едім. Алекең жәй ғана менің жазған еңбегімді мақұлдап, қол қойды. Сонымен, Алекең екеуіміз еліміздің телекоммуникация саласының демонополизациясына өз үлестерімізді қостық.

А.У. Әбдірахмановтың қызметтік куәлігі.

Ғасырлардың тоғысында Алмас Умарұлы да ҚР ҰҚК қызметкеріне айнала жаздады. Осы жағдайдың дәлелі — 2000-шы жылғы 15 наурызда байланыс маманына берілген куәлігі. А.У. Әбдірахмановқа тиіс жеке қару-жарағы да қарастырылған. Бірақ, ақыр соңында бүкіл байланыс мекемелерінің ҚР ҰҚК аясына топтастыруы жүзеге аспады. Соның өзінде де, менің досым осы құпиялы ұйыммен тығыз байланыста болған. Мысалы, байланыс жиіліліктерінің рұқсатсыз пайдалануына тосқауыл қоятын радиоқадағалау нүктелері (радиоконтрольный пункт) жұмыс істейді. Бірнеше жылдар бойы, Алматы қаласындағы бұндай нүктелерді Алекең басқарды.

Алматы қаласындағы радиоқадағалау нүктелерінің суреттері.

Олардың бірі “Ақсай-2” ықшам ауданындағы нөмір 8-ші үйдің төбесінде орналасқан. Ал, басқасы — Политех институтының төбесіне қойылған. Осы нүктелердің құрамында қуатты антенналар мен олардың астындағы қызметтік бөлмелер бар. Мысалы, Алматының пәлен жерінде рұқсатсыз байланыс көзі кейбір жиіліліктерді заңсыз пайдаланса, әлгі радиоқадағалау нүктелерінің бірлескен пеленгация қимылы арқылы осы байланыс көзінің нақты мекенжайы анықталады. Сосын, Алекеңмен бірге ҚР ҰҚК қаруланған қызметкерлері арнайы микроавтобусқа отырып, әлгі мекенжайға қарай бет алады. Айтпақшы, Алмас Умарұлы шәкірттерінің арасында — болашақтағы “Қазақтелеком” мен байланыс министрлігінің басшысы, аса ірі парақор Қайрат Мәмидің күйеу баласы Асқар Жұмағалиев те болған. Бірақ, қазіргі таңда ФСБ қызметкерлеріне үйір Асекең қазақ патриоты А.У. Әбдірахмановтың туыстарын пысқырмайды.

Жасөспірім Ерік Минаварұлы Бүркітбаевтың суреті мен қолтаңбасы.

Тағы бір қызықты кейіпкер туралы хабар бергім келеді. 1963 жылғы 27 ақпанда дүниеге келген Ерік Минаварұлы Бүркітбаев (Ерик Миноварович Буркитбаев) ағасы Серіктің көлеңкесінде тығылуға үйренген пысықай. Олардың досы Рахат Әлиевтей, Бүркітбаевтардың да шешесі Шарбан Юсупова арқылы сарт-ноғай ата-бабалары баршылық. Айтпақшы, олардың әкесі Минавар қазы-би болған. Өйткені, құлағы ұзын мекеме және телекоммуникациялық саладағы жоғары лауазымдарға әдетте үлкен бастықтардың туыстары ғана тағайындалатын. Мәселен, қазақ теледидары техникалық жетекшілерінің бірі Владислав Леонидович Богусевич КСРО КГБ полковнигі, Қазақ ССР КГБ тергеу  бөлімінің бастығы Николай Петрович Ловягиннің күйеу баласы болған.

"Нұрсат" ЖАҚ-ның бас директоры Бүркітбаев Ерік Минаварұлы, 2001.

Сонымен, дәрігер Е.М. Бүркітбаев негізінен жер серігі байланысы мен ғаламтор қызметі көрсетілуіменен шұғылданатын “Нұрсат” жабық акционерлік қоғамының бас директоры боп істеді (Е.М. Бүркітбаев дауысының диктофон жазбасы). 1997-2007 жылдары, әлгі “Нұрсат“-тың президенті ретінде жандарал-майыр Жақыпбеков жұмыс істеді. Ал, Ерекеңнің өзі кандидаттық диссертациясының белгілі хирург Мұхтар Әлиев басқарған Сызғанов орталығында қорғады. Демек, Бүркітбаевтардың тобы Әлиевтердің әулетімен баяғыдан бері ынтымақтастық жасады. Бір қызығы, қазақ телекоммуникация саласындағы аса күрделі басқару лауазымдары кейбір жағдайларда дәрігерлерге тапсырылады. Мысалы, осы орайда “Израиль” азаматы Александр Клебановты атап өтуге болады. Байланыс өнеркәсібіміздің мүшкіл халі осындай техникалық тұрғыдан алып қарағанда сауатсыздау кейіпкерлердің кесірлі әсерінен туындаған апат.

Солдан оңға қарай біріншісі - әкім Қырымбек Көшербаев, үшіншісі - хирург Мұхтар Әлиев және төртіншісі - заңгер Нағашыбай Шәйкенов.

Әлиевшілер тыңшылық қимылдарының заңгер көкесі де болған. Қазақстан Республикасы әділет министрі Нағашыбай Аманғалиұлы Шәйкенов ішітар хирург М.Ә. Әлиев пен алаяқ адвокат С.П. Нұғымановтың жан досы болған. Әлжуаз Накең Назарбаев диктатурасымен қатар, әлиевшілердің де жасырын әрекеттері үшін заң негізін даярлаған кейіпкер ретінде қимылдады. Ал, құлағы ұзын мекеме қызметкерлерінің дені ҚР ҰҚК жандарал-лейтенанттары Амангелді Шабдарбаев пен Кәрім Мәсімовтерді өлердей жек көреді. Осы жақтырмау сезімі дәлелдерінің бірі мынау: тыңшылық мекемесінің тарихына арналған “Правительственная связь Казахстана” мен “Тропою жизненного пути” кітаптарында әлгі жандаралдар жайында бірде-бір жылы сөз жазылған жоқ. Тіпті, А.С. Шабдарбаев пен К.Қ. Мәсімовтың есімдері келтірілген жоқ. Себебі, қос парақорлар бірнеше тың тыңдайтын қызметкерлерді құртып жіберіп, жалпы құлағы ұзын мекеменің дәрежесін төмендетті.

Итжегіш алпауыт Владимир Нидың жаназасында солдан оңға қарай біріншісі - жандарал Амангелді Шабдарбаев, екіншісі - олигарх Александр Клебанов, 2010.

Әне, 2010-шы жылғы итжегіш алпауыты Владимир Васильевич Нидың жаназасында жемқор миллиардер Шабдарбаев сатқын мультимиллионер А.Я. Клебановпен қатарлас тұр. “Ағама жеңгем сай” демекші, жандарал-майыр Мәжреновтың қасіретті қазасына тікелей қатысы бар Амекең үстінен тергеу амалдары әлі жүргізілмеді және де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың телефон әңгімелерін тыңдаған Клебановтардың күйеу баласы Серёга Маневич Амекеңнің көмегімен еліміздің әділет орындары кескен жазасынан аман-сау қашып кетті. Кәрім Қажымұқанұлы Мәсімов бұндай керемет күйеу баласын тәрбиелеген Клебановтардың әулетіне білдірген алғыс ретінде “Қазақтелеком” акцияларының негізгі жиынтығын Саша Клебановтың бақылауына тапсырды. Ал, 2014 жылы ҚР ҰҚК ААҚ -нің ыдырауының бастапқы демеушісі де әлгі сарт Кәрекең болатын. Сондықтан, кәсіби ҚР ҰҚК қызметкерлері сарт тыңшысын көбінесе жақтырмайды. Жалпы алғанда, лағманшы Мәсімов негізінен қирату өнерін ғана жетік меңгерген кейіпкер. Мысалы, осы кісі “Халық банкі” басқарған уақытында, әлгі қаржы ұйым “Қазкоммерцбанк” пен “Тұран-Әлем” банкінің артында ақсап жүрген. Сондықтан, сарт Кәрекең өзіне сай адамдарды таңдап, зиянкес тобырын құрастыруда. Мәселен, төл теңгемізді талай рет инфляцияның кесіріне душар еткізген банкир Григорий Марченко да лағманшы командасының көрнекті мүшесі. Қызтеке сақалды Марченконың әскери тың тыңдайтын ұйымыменен сыбайластығы жөнінде мен “Нормально, Григорий?” мақаламда баян еттім. Гришанянің досы полковник Бектасов та қазақстандық банк секторында көп жылдар бойы жоғары лауазымдардың иесі болған еді. Айтпақшы, сарт Кәрекең де КСРО КГБ-нің радиобайланысы әскери инженері ретінде әрқашан Лубянкамен байланыста болды. Оның Ф.Э. Дзержинский атындағы КСРО КГБ Қызыл ту жоғары мектебінің тастап кеткендігі — ашық ауыз біреулерге арналған өтірік.

Жандарал-майыр Жақыпбековтың 70-жылдығы мерейтойының көрінісі, 2006.

Балақай Мәсімовке жақсы мінездемені беріп, оған КСРО КГБ-нің жабық әлеміне жол ашқан жандарал-майыр Жақыпбеков рақметі жоқ Кәрекеңнен жақсылықты көрмеді. Тіпті, лағманшымен салыстырғанда жандарал-майыр Мәжреновқа қол жұмсаған жандарал-лейтенант Дүтбаев екеш Дүтбаевтың да құлағы ұзын мекеменің алдында біраз еңбегі сіңген. Елімізді құбыжық мемлекетке айналдыру мақсатында сарт-жоңғар Кәрекендер тынымсыз әрі шабытты қимылдауда. Мысалы, сіздер Украина, Ресей және басқа көптеген елдерге барсаңыздар, қазақ ұялы телефон нөмірлері ешбір роумингсіз біздің СМС-дің қабылдауын жалғастырады. Ал, егер роумингі жоқ шетелдік ұялы телефон нөмірімен Қазақстанға келсеңіздер, онда сіздер әлгі шетелдік нөмірге СМС екеш СМС-ті де қабылдай алмайсыздар. Міне, шетел туристері үшін қосымша ауыртпалықты туғызу мақсатында ойлап табылған қитұрқы телекоммуникациялық амалдардың бірі! Жан-жақты сарт зиянкесі бұндай кедергілерге қанағат тұтып, тынбайды. 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап, өтірік ковид ауруына қарсы егілмеген адамдар Қазақстандағы бірнеше сауда мен қоғамдық ғимараттарға кіргізілмейді. Тіпті, Беларусь пен Өзбекстан сияқты демократиялық емес мемлекеттерде бұндай шектеулер жоқ әрі жоспарланған жоқ та!

ҚР ҰҚК ААҚ-нің қиратылған қалдықтары арқылы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мәсімовшілер тағы бір қиянатты дайындауда. Итжегіш Оңтүстік Корея мен жыланжегіш қара қытайдан үлгі алып, лағманшының жандайшаптары бүкіл Қазақстан тұрғындарының саусақ таңбаларын жинамақшы. Демек, әрқайсымыз күдікті, кінәлі бірдеменің деңгейіне төмендетілмекші. Шетел туристері санын азайту жолында елімізге сырттан келген қонақтар да өз саусақ таңбаларын тапсыруға міндеттілмек. Әрине, бұндай шешім қазақстандық турист саласына нұқсан келтірмек. Енді, 2007 жылы диктатор Назарбаевтың құпияларын әшкерелеп, хас ерлігін танытқан жандарал-майыр Р.М. Әлиевтың австриялық қапасында өлтірілгендігі туралы біраз әңгімені шертейік.

Ресей Тергеу комитетінің әділет полковнигі Руслан Тлисовтың жауабы.

2021 жылғы 8 қарашада, Ресей Тергеу комитетінің әділет полковнигі Руслан Тлисов қылмыскер Аслан Гагиевтің елші Рахат Әлиевтің қазасына ықтимал байланысы жөніндегі менің сұрауыма жауап берді. Оның айтуынша, Р.М. Әлиев ресейлік азамат немесе азаматтығы жоқ Ресейде тұратын кісі еместігіне орай және елшінің қазасы Ресей аумағынан тыс жерде орын алғаннан соң осы ықтимал қылмыстың тергеуі ресейлік құқық қорғау орындарының құзырына жатпайды.  Әрине, бұл орайда орыс тергеушілері достас қазақ диктаторы мен ресейлік жендет Аслан Гагиевтің арасындағы қылмыстық ынтымақтастықтың мүмкіндігін жоққа шығармай, “жабулы қазан жабулы” күйінде қала берсін демекші, осетин баскесері мен Ақмоланың төрінде жайғасқан сарт-жоңғар қарақшыларының арасындағы ықтимал байланысты тергеуден бас тартты. Әйтпесе, А. Гагиев орыс қапасына қамалғаннан соң және де австриялық пен қазақстандық әріптестерімен тығыз қарым-қатынастарды сақтайтын орыс тергеушілері үшін осетин қылмыскерінің Р.М. Әлиевтің қазасына қатысы бар ма, жоқ па анықтауы оп-оңай болар еді.

Жарайды, орыстың парақор тергеушілерінің сиқы мынадай. Бірақ, байғұс Әлиевтің әріптестері де менің сұрауымнан жалтарып кетті. Оның жесірі Эльнара Шоразованың адвокаты Джо Джильо, Рекеңнің Айнедтер атты австриялық адвокаттары мен Александр және Кэтлин Народецки украин-ағылшын сионист отбасы да менің осы тақырыптағы хаттарыма ешбір жауап қайтармады. Кезінде, Рекеңнің миллиондаған долларлық қызығын көрген, енді осы капиталист шибөрілері (шакалдары) өлген арыстанды қайтеді?!

Жандарал-майыр Әлнұр Мұсаевтың жауабы.

Ол ол ма, жандарал-майыр Әлиевтің ең жақын достарының бірі, жандарал-майыр Мұсаев та ҚР ҰҚК-дегі Рекеңнің қарсыластарына адал қызмет ететін сатқын боп шықты. Кезінде, мен Әлнұрға ҚР ҰҚК ААҚ-нің тарихына қатысты біраз сұрақтарым қойдым. Алайда, оппозиционерсымақ гебист маған түк те айтпады. Демек, Әлнұр мен Мұхтар Тайжан, Әміржан Қосанов немесе Ермек Нарымбай секілді оппозиционерсымақтардың арасында айырмашылығы — жоқтың қасы. Енді, ҚР ҰҚК ААҚ-нің жасырын бейнежазу мүмкіншіліктерінің қызық мысалдарын келтіруге рұқсат етіңіздер.

2009 жылы, ҚР ҰҚК жандарал-полковнигі Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаев өзінің ата жауы жандарал-лейтенант А.С. Шабдарбаевты ҚР ҰҚК төрағасының лауазымынан аластатқызды. Ашуланған Амекең жексұрын Сәкеңді аңдытқызып, оның зинақорлық ойнасын жасырын бейнекамера арқылы түсірткізіп алды. Өтірікті сартылдатуға тоқпағы мықты Сәкең нығырлаған журналистердің сұрақтарына мүсәпір күйінде жауап берді: “Мен емеспін! Кінәм жоқ!” Тасада тұрған көсе Амекең қарқылдап күліп, мақалдады: “Барымтаға — қарымта“. Сәт Тоқпақбаевтың “мөлдір” махаббатын суреттейтін бейнежазбаның көшірмесін осы сілтемеден жүктеп аласыздар.  Айтпақшы, Сәкең “менің телефондарымды ҚР ҰҚК ААҚ-і тыңдап тұр” деп байбаламды салды.



2016 жылғы 11 сәуірде, банкир Мұхтар Әблязов хакерлерді жалдап, олигарх Кеңес Рақышев, алаяқ Абай Сәрсекеев, банкир Қайрат Келімбетов пен тағы басқа бай адамдардың электрондық мекенжайларын сындыртқызып, олардың хаттарын бұл сілтеме бойынша жариялады. Әлгі хаттарды оқу үшін, оларды ең алдымен 7-Zip бағдарламасының көмегімен мұрағаттан шығару керек. Сосын, MBOX Viewer бағдарламасының көмегімен оларды оқуға болады. Бірақ, Мұхаңның қарсыластары да оңай шағылатын жаңғақтар емес. 2018 жылғы 13 маусымда, олар ергежейлі банкирдің зинақорлығы бейнежазбасын ғаламторда жариялады.  Шегіртке айғырдың махаббат “ерліктерін” бейнелейтін жазбаны осы сілтемеден де жүктеп алуға болады.

Likes(0)Dislikes(0)
153 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply