1937 жылғы 20 қазанда, жауапты редактордың орынбасары ақын Тайыр Жарокіп басқарған “Қазақ әдебиеті” газетінде жазушы Мұхтар Әуезовті сынға алатын “Әуезіптің сөзі мен ісі неге бір жерден шықпайды?” атты редакциялық мақала жарық көрді. Бұл жарияланым жиырмасыншы жүзжылдықтағы еліміздің көркем әдебиетінің тарихына қатысы бар елеулі құжат. Демек, оны қайтадан шығарғанымыз артық болмас.
Мұқтар Әуезіп жолдастың әдебиет майданындағы басқан ізі, өткен жолдары бәрімізге мәлім. Әуезіп 1932-жылға дейін ашық байшыл-ұлтшыл жазушы болып келген адам. Тек 1932-жылдан бері собет жазушысы болуға тырысып келе жатқан, өзінің өткен қатесін, теріс пікірлерін жоюға уәде беріп келе жатқан жазушы.
Міне, бұған бес жылдан астам уақыт өтті. Әуезіп жолдас әуелгі кездегі қаталарын мойнына алды. Собет жұртшылығы алдында өткен қателерін түзетуге міндеттенді: “Мен қаталасқан екемін. Жаңа ғана түсіндім. Бірден-бір түзу жол собет жолы екен. Мен өткен қаталарымды қалай түзеткендігімді іс жүзінде өзімнің шығармаларым мен көрсетемін” деген болатын.
Собет отаны кең. Жұртшылығы мейрімді ел. Бұл собет елінің негізгі қасиеттерінің бірі. Жұртшылық Әуезіп жолдастан айтқан уәдесін орындайды деп күтті. Собетке бары мен жана шыны мен келіп қосылды деп сенді. Онысын іс жүзінде сынай отырып, көз жеткізуді оның өзіне міндет етті. Әуезіптің тборшестбосына оның жазуына толық мүмкіндік туғызды. Сөйле, жырла, жаз, өзіңнің адал ниет пен шын собеттік жазушы екендігіңді көрсет — деп оның алдында ұлы міндеттер қойды. Әуезіп жолдас осыны іс жүзінде орындап шыға алды ма, әңгіме осында. Әеузіп жолдас екі сөзінің бірінде: “мен собет мектебін бітіріп шықтым; 23-жылға дейін ұлтшылдық-байшылдық пікірде болып келгенім рас. Бірақ 1932-жылдан бері мен ол шірік пікірден мүлдем қол үзгем, собеттік жазушымын. Собет жолына адал ниет пен ақтық шындық сырым мен келіп қосылғанмын” деп әдебиет жұртшылығының жиналысы сайын ескертеді. Сүйтіп, Әуезіптің бүгінге дейін шын собеттік бағытта жазылған іліп аларлық бір шығармасын көре алмай отырмыз. Сөз бен ісі екеуі екі жерден шығып отыр.
Бұған пакты: Әуезіп драматорг, ол-1932-жылдан бері бір сыпыра пиесе кітаптар жазды. Біздің әкедемиа театрымызда басты қызметкердің бірі болып қызмет атқарып келеді. Қазағыстанның собет партиа ұйымдары болсын, жазушылар ұйымы болсын Әуезіптің өткен қателерін іс жүзінде түзетуін күтті. Сапалы шығармалар беруіне барлық мүмкіндікті туғызды. Әуезіп жолдас осы өткен бес жылдың ішінде собеттік Қазағыстан жұртшылығына өзінің қалам қайраты мен қандай пайда келтірді? Жұртшылық үмітін ақтарлық не істеді? — деген сұрауға Әуезіптің өзі де толық жауап бере алмас.
Ол, әлі 1932-жылғы уәдесін қайталақтап, “мені істе сынаңдар, мен ұлтшылдық, байшылдық пікірден мүлдем қол үзген адаммын” деу мен жүр. Собет жұртшылығы жана мәдениет майданы сөз емес істі керек қылады. Үйткені, Ленін-Сталін партиасы бізді осыған баулыды, іске үйретті. Адамды істе сынаңдар деді.
Әуезіптің 1932-жылдан бері жазған шығармаларынан іліп аларлық, собеттік дерлігі “Түнгі сарын” пиесесінің өзі оның баяғы ұлтшылдық, байшылдық пікірі мен жазылған “Қилы заман” романының желісі. Міне, сол “Түнгі сарын“ы да, — сол бұрынғы “сарынын” собет сақынасына шығаруға тырысқандығы.
Ал осы күнгі темаға яғный собет өмірінен алып жазған, собеттің шын бақытты, тас түлек жастарын көрсетпек болып жазған “Алма бағында“, “Тас түлек” пиеселері барып тұрған собет жастарының өміріне жала жапқандық. Собет шындығына, жастар жұртшылығына, суық қол сұққандық.
Бұл пиеселердің қай қайсысында болса да собет жастарының өміріне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын азғын адамдардың типі бар. Әуезіп бұл пиеселерінде астарлап отырып собет жастарына күйе жағып, жаудың сойылын соғуға тырысқандығы айқын көрінеді. Бұл бұрынғы ашық байшылдығының, ұлтшылдығының бетін бүркемелеп собеттік шығарманың атын пайдаланғандық.
Бұлар жөніндегі саяси қателерін Әуезіп шайып жуып жеңілдетпек ниет пен: “менің пиеселерім де мұндай қателерім болуына менен көрі жұртшылық, әсіресе әдебиет жұртшылығы, сыншылар айыпты. Бұлар кезінде сынамады. Кемшілігімді атап айтпады” деп өзін сүттен ақ, судан таза етіп шыға келгісі келеді. Сынау, кемшілікті көрсету өз алдына мәселе, жазушының әр бір шығармасы былай тұрсын, әр бір сөйлем сөзі терең талдап кең ойланбай, қалай болса солай ұйтқый салатын құйын емес. Жазушы тоқсан толғап қорғасындай қорытып, ойдың ең асылын, шырынын жарыққа шығарады, жұртшылыққа тартады, олай болса, Әуезіп те өзінің негізгі пікірін шығармаларында айтқан. Собет жастарын құбыжық қылып көрсетуге тырысқаны әлде қалай кездей соқ іс емес, оның негізгі идеясы мен байланысып, сабақтасып жатқан пікірі болуы мүмкін. Оны шайып жуудың орнына Әуезіп жолдас ондай өрескел қаталарын ашықтан-ашық мойнына алуы керек еді.
Әуезіптің кәмедие деп жазған “Айман-Шолпанын” алайық. Осы пиесенің өзінде де саяси астары қалың, өзіндік төсегі жұмсақ, ескі байшылдық, пеодалдық қоғамды дәріптейтін соны жұртшылыққа елестеткісі келген сарыны.
“Қан кене” пиесесін де ойланбай еш бір мақсатсыз жазды, еш бір мақсатсыз сақынаға шығарды деп айтуға кімнің аузы бара алады. Әуезіп бірлі-жарым шығармасында ғана “қаталасып” отырған жоқ, собет жұртшылығына, собет жастарына жала жауып ескілікті дәріптегенін оның барлық шығармаларынан көреміз. Олай болса, Әуезіптікі тек қана аңдамай қалғандықтан кеткен қателер емес, бүкіл жазушылық системасына тамырын жайып орын алған идеясының сабағы.
Әуезіп, 1932-жылдан Әкедемиа (драма) театрынде істеп келеді. Театр коллектібінің арасында беделі де жеткілікті адамның бірі болып келді. Қалық жауы Жүргеніп, Тоғжанып, Сейпулиндердің де, оған салқыны тимеді деуге болмайды. Соның салдарынан әкедемие театрында Әуезіптің пиеселерінен басқа әсіресе жастардың пиеселері шетке қағылып үнемі ысрылып келді. Жастардың пиеселері жарамсыздыққа ұшырап бракталудан көз ашпады. Әуезіптің өзі де ашықтан ашық жас драматурктердің өсуіне жол беруге “батылдығы” жетпеді. Драмсексиесіне түскен 38 пиеседен (жастардікі) бірде бірінің жарамай “нашарлыққа” ұшырауы кездей соқ іс емес. Ол Әуезіптің “өзін” ғана драматург етіп көрсеткісі келіп зазнайстбоға түсіп кеткендігін көрсетеді.
Академиа театрының партиа, комсомол ұйымдарының да бұл жөнінде саяси бейғамдығы, ашық ауыздығы, жай барақаттығы ашық көрініп отыр. Театр коллектібі театр сақынасына саяси маңыз бермей, театрды “ойын орны ғана, біздің миндетіміз пиеседе не жазылса соны жақсылап ойнап шығу” деп қана қараған. Мұндай көз қарастың барып тұрған оңбағандық, шірік либералдық екендігін түсінсе де түсінгілері келмеген. Оған пакті Әуезіптің теріс идея да жазылған, жастарға күйе жағатын “Алма бағында” сын ұлы өктәбр мерекесінің 20 жылдығына жоюға соңғы уақытқа дейін дайындап келгендігі “Тас түлек“, “Қан кене“, “Айман-Шолпан” пиеселерінің сақынаға шығарылғандығын жоғарыда айттық.
Бір қарактерни мәселе Әуезіптің қай пиеселері болмасын, бірде бірнде ұлы орыс қалқынан бір адамның типін көрмейсін, бұда ойланатын күдікті сарын.
Қорыта келгенде, “жазушы — адам жанының інженері” (Сталін). Ал Әуезіп қазақ собет әдебиетіндегі көркем әдебиет шеберлерінің бірі. Белгілі мақсатсыз, саясый бағытсыз жаза салатын адам ол емес. Оның 1932-жылдың өзінен бергі шығармаларының контробандылық болып шығуы кездей соқ нәрсе деп тағыда айта алмаймыз. Ескі шірік ұлтшылдық, байшылдық пікірден оның әліде арылып бітпегендігінің айғағы. Жұртшылық Әуезіптің әліде болса заманымызға сай шығарма беруді, өз қателерін іс жүзінде түзетіп дәлелдеуді талап етеді.
Соны мен қатар Қазағыстан жазушылар ұйымы Әуезіптің шығармаларындағы өрескел қателерді тексеріп, тиісті қортынды жасайтын уақыт жетті.
(0)Dislikes
(0)Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.
